Матч орталығы
Эредивизи Футбол Телстар Телстар 3:4 Аяқталды Фейеноорд Фейеноорд Лига 1 Футбол Лилль Лилль 1:1 Аяқталды Брест Брест А сериясы Футбол Рома Рома 2:0 Аяқталды Дженоа Дженоа Лига 1 Футбол Труа Труа 1:3 Аяқталды Ланс Ланс Бельгия кубогы Футбол Брюгге Брюгге 1:0 Аяқталды Локерен Темзе Локерен Темзе Ла Лига Футбол Валенсия Валенсия 0:0 Аяқталды Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао Премьер-лига Футбол Данди Данди 2:2 Аяқталды Рейнджерс Рейнджерс Сегунда Футбол Лас Пальмас Лас Пальмас 0:3 Аяқталды Кастельон Кастельон НХЛ Хоккей Вегас Вегас 3:0 13:59 Питтсбург Питтсбург Нинбо женщины Теннис Алисия Паркс Алисия Паркс 09:10 Бүгін Юлия Путинцева Юлия Путинцева Премьер-Лига Футбол Алтай Алтай 15:00 Бүгін Атырау Атырау Алматы мужчины Теннис Александр Шевченко Александр Шевченко 15:00 Бүгін Стефанос Сакелларидис Стефанос Сакелларидис А сериясы Футбол Удинезе Удинезе 15:30 Бүгін Лечче Лечче Премьер-Лига Футбол Елімай Елімай 16:00 Бүгін Ұлытау Ұлытау КХЛ Хоккей Авангард Авангард 16:00 Бүгін Трактор Трактор Ла Лига Футбол Осасуна Осасуна 17:00 Бүгін Расинг Расинг Лига 1 Футбол Анже Анже 18:00 Бүгін Марсель Марсель А сериясы Футбол Фиорентина Фиорентина 18:00 Бүгін Комо Комо Премьер-лига Футбол Лидс Лидс 18:00 Бүгін Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед Премьер-лига Футбол Брайтон Брайтон 18:00 Бүгін Кристал Пэлас Кристал Пэлас

2 күн бұрын

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясының қорытындысы шығарылды

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясының қорытындысы шығарылды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

11–13 қазан күндері Алматыда Дүниежүзілік теннис конференциясы мен World Tennis ұйымының жыл сайынғы Бас ассамблеясы өтті. Ауқымды халықаралық форум әлемнің 128 елінен келген өкілдердің басын қосты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Конференцияның басты тақырыбы «A World of Opportunity» («Мүмкіндіктер әлемі») болды. Қатысушылар әлемдік теннисті дамытудың стратегиялық бағыттарын, спорттың осы түрінің қолжетімділігін арттыру, жаңа ойыншылар мен жанкүйерлерді тарту, сондай-ақ ұлттық федерациялар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

World Tennis президенті Дэвид Хаггерти теннисті кеңінен насихаттау және спорттың осы түрін тұрақты дамыту жүйесін қалыптастыру жолында ұлттық федерациялардың атқаратын жұмысының маңыздылығын атап өтті.

«Біз миллиардтаған адам қызығушылық танытатын, әлемге әйгілі спортшылар өнер көрсететін ең танымал спорт түрлерінің біріне жол ашып отырмыз. Алайда теннистің дамуы жергілікті қауымдастықтардан басталатынын ұмытпауымыз керек. Ұлттық федерацияларымыздың өз елдерінде атқарып жатқан жұмысы бүкіл әлемдегі спорттың дамуына ықпал етеді. Бұл үдерісті алға жылжытуда ұлттық қауымдастықтардың бізбен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуі шешуші рөл атқарады», – деді Дэвид Хаггерти.

Конференция халықаралық байланыстарды нығайтуға да мүмкіндік берді. Ұлттық және өңірлік теннис ұйымдарының өкілдері тәжірибе алмасып, бірлескен бастамалар мен алдағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады.

Делегаттар ұлттық федерациялардың мүшелігіне және World Tennis жарғысының ережелеріне қатысты бірқатар қарарды қарастырды.

Сонымен қатар Бас ассамблея қатысушылары бірнеше халықаралық жарыстың атауын өзгерту туралы шешімді бекітті.

Арбадағы теннистен өтетін Wheelchair Tennis Masters қорытынды турнирі енді Wheelchair Finals деп аталады. Жаңа атау биылғы маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі. Осы атаумен өтетін алдағы жарыс 2026 жылдың қараша айында Испанияның Барселона қаласында ұйымдастырылады.

Сондай-ақ өзгерістер World Tennis Masters Championships аясындағы 30 жастан асқан спортшылар арасындағы командалық жарыстарға қатысты болды. Енді ерлер арасындағы турнир Leander Paes Cup, ал әйелдер арасындағы жарыс Marie Pinterova Cup деп аталады.

Халықаралық федерация атап өткендей, Алматыда Дүниежүзілік теннис конференциясы мен World Tennis Бас ассамблеясының өткізілуі Қазақстанның халықаралық теннис аренасындағы орнын нығайту жолындағы маңызды кезең болды. Осындай ауқымдағы форумды алғаш рет қабылдаған Қазақстан теннис федерациясы әлемнің түкпір-түкпірінен келген ұлттық федерация өкілдерін бір алаңға жинап, теннисті дамытудың стратегиялық мәселелерін талқылауға және спорттың осы түрінің болашағын айқындайтын шешімдер қабылдауға мүмкіндік жасады.

Қазақстанда осындай халықаралық іс-шараның ұйымдастырылуы әлемдік теннис қауымдастығының елімізге деген жоғары сенімін және Қазақстан теннис федерациясының теннис инфрақұрылымын дамыту, спортшыларды даярлау және теннисті кеңінен насихаттау бағытындағы көпжылдық еңбегінің мойындалғанын көрсетті. Форум халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашты.

Еске салсақ, Оралда республикалық теннис турнирінің жеңімпаздары анықталды.



Біздің серіктес: Sport12kz