2 күн бұрын
Қазақстандық теннисші Цзинаньдағы жарысты ширек финалда аяқтады
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Қытайдың Цзинань қаласында өтіп жатқан ATP Challenger 125 санатындағы турнирдің ширек финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
ATP рейтингінде 111-орында тұрған қазақстандық теннисші италиялық Маттиа Беллуччимен (86-орын) кездесіп, екі сетте де 4:6 есебімен есе жіберді. Матч 1 сағат 19 минутқа созылды.
Осылайша, жарыста сегізінші нөмірмен тіркелген Беллуччи жартылай финалға жолдама алды. Ал Александр Шевченко турнирдегі өнерін ширек финалда аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық теннисші сербиялық Миомир Кецмановичті (61-орын) 6:3, 6:4 есебімен жеңген еді. Сондай-ақ жапониялық Джей Дилан Хара Френдтен (260-орын) 6:0, 6:4 есебімен басым түскен болатын.
Біздің серіктес: Sport12kz