2 күн бұрын
Рыбакина жаңа маусымды қай турнирден бастайтыны белгілі болды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2027 жылғы маусымның алғашқы жарысын Австралияның Брисбен қаласында өткізеді. Әлемнің бірінші ракеткасы Brisbane International турниріне қатысатынын растады.
Рыбакинамен бірге Германия өкілі Александр Зверев те жарысқа қатысуға өтінім берген. Қазақстандық теннисші ұйымдастырушыларға берген сұхбатында Брисбенге қайта оралуды асыға күтіп жүргенін айтты.
«Жаңа маусымды Брисбенде бастауды асыға күтемін. 2024 жылы осы турнирде чемпион атандым. Бұл – мен үшін ерекше жарыстардың бірі. Мұндағы атмосфера мен жанкүйерлердің қолдауы керемет. Кортқа қайта шығуға асықпын», – деді Рыбакина.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші 2024 жылы Брисбендегі жарыстың жеңімпазы атанған. Ал 2027 жылғы Brisbane International турнирі 3–10 қаңтар аралығында өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz