20 сағат бұрын
Юлия Путинцева Нинбодағы турнирді жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің іріктеу кезеңін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әлемдік рейтингте 79-орында тұрған Путинцева іріктеудің жартылай финалында Қытай өкілі, 17 жастағы Цюй Иханьмен (1018-орын) кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:1, 7:6 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 46 минутқа созылды.
Енді Путинцева турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алу үшін америкалық Алисия Паркс пен бельгиялық Желин Вандромм арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Нинбодағы турнирдің негізгі кезеңі 19 қазанда басталады. Жарыстың жүлде қоры 1 206 446 АҚШ долларын құрайды.
Біздің серіктес: Sport12kz