2 күн бұрын
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасы Азия ойындарында бақ сынайды
Ташкентте үстел теннисінен XXIX Азия чемпионаты жалауын көтерді. Қазақстан құрлықтық додаға ерлер және әйелдер құрамаларын қатысады.
Ел намысын ерлер арасында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов пен Ескендір Харки қорғайды. Әйелдер құрамында Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Жанерке Қошқымбаева, Альбина Жақсылықова және Ангелина Романовская өнер көрсетеді.
Топтық кезеңде ерлер құрамасы Филиппин мен Шри-Ланкаға қарсы ойнаса, әйелдер командасы Мальдив аралдары және Иран спортшыларымен кездеседі.
Қазақстан құрамаларының бүгінгі ойын кестесі:
Ерлер:
- 10:00 — Қазақстан – Филиппин
- 13:30 — Қазақстан – Шри-Ланка
Әйелдер:
- 11:45 — Қазақстан – Мальдив аралдары
- 15:15 — Қазақстан – Иран
Топтық кезең қорытындысы бойынша әр топта алғашқы екі орын алған команда плей-оффқа жолдама алады. 25 қазанға дейін жалғасатын жарысқа 28 мемлекеттен 235 спортшы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Sport12kz