24 сағат бұрын
Қазақстандық теннисші Остиндегі жарысты ерте аяқтады
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева (WTA рейтингінде 381-орын) АҚШ-тың Остин қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің жекелей сындағы жарысын аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алғашқы айналымда қазақстандық спортшы ресейлік Анастасия Тихоновамен (WTA рейтингінде 261-орын) кездесті. Бір сағат 53 минутқа созылған матчта Тихонова екі сетте 7:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Екінші айналымда ресейлік теннисші қытайлық Гао Синьюй (231-орын) мен америкалық Уитни Осигве (230-орын) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Айта кетейік, Остиндегі турнир 19-25 қазан аралығында ашық хард корттарында өтеді. ITF W50 санатындағы жарыстың жалпы жүлде қоры — 40 мың доллар.
Біздің серіктес: Sport12kz