22 сағат бұрын
Қазақстан қоржынына Параазиадада үстел теннисінен екі қола медаль түсті
Қазақстандық спортшылар Ардақ Нұрмағамбетов пен Әли Махулбеков Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия Пара ойындарында үстел теннисінен қола медаль жеңіп алды. Бұл — Қазақстанның параүстел теннисінен осы жарыс тарихындағы алғашқы жүлделері.
Үшінші орын үшін өткен кездесуде Ардақ Нұрмағамбетов Үндістан өкілі Сандип Дангемен ойнап, қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Осылайша, қазақстандық спортшы жарыстың қола жүлдегері атанды.
Ұлттық құрамаға тағы бір медальді Әли Махулбеков әкелді. Ол жартылай финалда Гонконг өкілі Чжао Шуйға 0:3 есебімен жол берді.
Айта кетейік, V Азия Пара ойындары 18–24 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді. Жарыс бағдарламасына спорттың 18 түрі енгізілген.
Біздің серіктес: Sport12kz