14 сағат бұрын
Елена Рыбакина Нинбодағы турнирде алғашқы қарсыласын білді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдегі алғашқы қарсыласын білді.
Елена бірден екінші кезеңнен өнер көрсетеді. Оның алғашқы қарсыласы Өзбекстан өкілі Полина Кудерметова болмақ.
Әлемдік рейтингте 105-орында тұрған Кудерметова іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, негізгі кезеңнің алғашқы матчында испаниялық Кристина Букшаны 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңді.
Рыбакина мен Кудерметова арасындағы ойны 21 немесе 22 қазанда өтеді деп жоспарланған.
Айта кетейік, Елена Рыбакина өткен жылы Нинбодағы турнирдің жеңімпазы атанған еді. Финалда ол ресейлік Екатерина Александровадан 3:6, 6:0, 6:2 есебімен басым түсіп, мансабындағы оныншы WTA титулын жеңіп алды.
Биылғы турнир 19-25 қазан аралығында ашық хард кортында өтеді. Жарыстың жүлде қоры 1,2 миллион доллардан асады.
Біздің серіктес: Sport12kz