Матч орталығы
КХЛ Хоккей СКА СКА 1:3 Аяқталды Автомобилист Автомобилист Чемпиондар лигасы Футбол Сабах Сабах 1:2 Аяқталды Боруссия Боруссия Чемпиондар лигасы Футбол Фенербахче Фенербахче 2:2 Аяқталды Славия Славия Ұлттық лига Хоккей Клотен Клотен 4:3 Аяқталды Лозанна Лозанна Ұлттық лига Хоккей Серветт Серветт 2:5 Аяқталды Лугано Лугано Про-лига Футбол Аль-Наср Аль-Наср 1:0 Аяқталды Неом Неом Футзалдық әлем чемпионатының еуропалық іріктеуі Футзал Испания Испания 3:1 Аяқталды Финляндия Финляндия Чемпионшип Футбол Вулверхэмптон Вулверхэмптон 1:1 Аяқталды Портсмут Портсмут Чемпиондар лигасы Футбол Манчестер Сити Манчестер Сити 5:1 Аяқталды АЕК АЕК Чемпиондар лигасы Футбол Рома Рома 4:0 Аяқталды Слован Слован Чемпиондар лигасы Футбол Наполи Наполи 4:3 Аяқталды Буде Глимт Буде Глимт Чемпиондар лигасы Футбол Штутгарт Штутгарт 1:1 Аяқталды Атлетико Атлетико Чемпиондар лигасы Футбол ПСЖ ПСЖ 4:2 Аяқталды Барселона Барселона Чемпиондар лигасы Футбол Порту Порту 0:1 Аяқталды ПСВ ПСВ Чемпиондар лигасы Футбол Ливерпуль Ливерпуль 4:3 Аяқталды Вильярреал Вильярреал Алматы мужчины Теннис Заңғар Нұрланұлы Заңғар Нұрланұлы 12:40 Бүгін Томаш Махач Томаш Махач КХЛ Хоккей Адмирал Адмирал 14:30 Бүгін Барыс Барыс Алматы мужчины Теннис Стефанос Циципас Стефанос Циципас 19:30 Бүгін Михаил Кукушкин Михаил Кукушкин Эр-Рияд, выставочный турнир Теннис Александр Зверев Александр Зверев 21:30 Бүгін Тейлор Фриц Тейлор Фриц КХЛ Хоккей Спартак Спартак 21:30 Бүгін ЦСКА ЦСКА

8 сағат бұрын

Стефанос Циципас Almaty Open турнирінде Михаил Кукушкинмен кездеседі

Стефанос Циципас Almaty Open турнирінде Михаил Кукушкинмен кездеседі

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Грекиялық теннисші Стефанос Циципас Almaty Arena кешенінде өтіп жатқан ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирін жеңіспен бастады. Бірінші айналымда әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы америкалық Александр Ковачевичтен басым түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.

ATP әлемдік рейтингінде 39-орында тұрған және турнирде жетінші нөмірмен тіркелген 28 жастағы Циципас әлемнің 82-ракеткасын 7:6 (11:9), 3:6, 6:3 есебімен жеңді.

Кездесу 2 сағат 1 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде грек теннисшісі жеті эйс жасап, екі қос қателік жіберді.

Циципас бұл турнирге екінші рет қатысып отыр. 2022 жылы жарыс Астанада өткен кезде ол финалға дейін жеткен болатын. Грекиялық спортшы кәсіби мансабында ATP деңгейінде 13 титул жеңіп алды. Олардың қатарында Монте-Карлодағы Masters 1000 сериясының үш трофейі бар. Сонымен қатар ол Үлкен дулыға турнирлерінің финалында екі рет өнер көрсетті.

Almaty Open турнирінің екінші айналымында Циципас қазақстандық Михаил Кукушкинмен кездеседі. Бұған дейін 38 жастағы отандасымыз бірінші айналымда грекиялық Стефанос Сакелларидисті 7:6 (7:4), 7:6 (7:3) есебімен жеңген еді.

Алдағы кездесудің жеңімпазы ATP 250 Almaty Open турнирінің ширек финалына жолдама алады.

Еске салсақ, World Tennis президенті Дэвид Хаггерти Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовқа алғыс хат жолдады.



Біздің серіктес: Sport12kz