Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

09.10.2024

Юлия Путинцева Қытайдағы турнирде Олимпиада жүлдегерін жеңді

Юлия Путинцева Қытайдағы турнирде Олимпиада жүлдегерін жеңді

Фото. Қазақстан теннис федерациясы

Юлия Путинцева Ухань (Қытай) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты. 

Еліміздің теннис федерациясының хабарлауынша, қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 18-ракеткасы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, хорватиялық Донна Векичпен бетпе-бет келді. Бірінші партияда Путинцева 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде Векич есе қайырды – 6:3.

Үшінші, шешуші сетте Юлия есеп 5:3 болғанда, матчқа доп бергенімен, ол мүмкіндігін пайдалана алмады. Дегенмен ойынды тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:4.

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің екінші, осы жарыстың 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен ойнайды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан