Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Фрибет 10 000₸. Құр қалма! Өту
Olimpbet Видеореп

24.01.2025

Анталиядағы турнирдің финалында қазақстандық дерби өтеді

Анталиядағы турнирдің финалында қазақстандық дерби өтеді

Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан ITF W15 сериясының финалисттері анықталды.

Жұптық бәсекенің финалдық ойынында отандастарымыз Сандуғаш Кенжебаева мен Асылжан Арыстанбекова бір-біріне қарсы кездесу өткізеді.

Асылжан турнирде ресейлік теннисші Дарья Шадчневамен жұп құрып, жартылай финалда румыниялық Бьяна Бербулеску және норвегиялық Астрид Ольсенге қарсы кездесуде 6:2; 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Ал Сандуғаш Кенжебаева әріптесі германиялық Джоэль Стойрмен, 1/2 финалда Италия теннисшілері Джулиана Бестетти мен Оттавиа Массеттиден 6:4; 6:2 есебімен басым түсті.

Айта кетейік финалдық матч ертең, 25 қаңтар, сағат 14:00-ге жоспарланған.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас