27.01.2025
Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үздік бестікке енді
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Australian Open-2025 турнирі аяқталғаннан кейін жаңартылған рейтингін жариялады.
Әлемнің бірінші ракеткасы атағын Беларусь спортшысы Арина Соболенко орнын сақтап қалды. Ол жекелей сында финалда америкалық теннисші Мэдисон Кизге жол берді. Өз кезегінде Киз рейтингте жеті сатыға көтеріліп, жетінші орынға жайғасты. Польша өкілі Ига Швёнтек екінші орынды сақтап қалса, үздік үштікті АҚШ теннисшісі Кори Гауфф түйіндеді.
Қазақстандық үздік теннисші Елена Рыбакина өз позициясын екі сатыға жақсартып, бесінші орынға көтерілді.
Еске сала кетейік, Рыбакина Australian Open турнирінде төртінші айналымға дейін жетіп, болашақ чемпион Мэдисон Кизге жол берді.
Юлия Путинцева рейтингте үш саты жоғарылап, 20-орынға жайғасты. Australian Open-2025 турнирінде ол үшінші айналымға дейін жетіп, ресейлік Дарья Касаткинаға есе жіберді.
Жұптық сында чехиялық Катерина Синякова бірінші орынды сақтап қалды. Жаңа зеландиялық Эрин Рутлифф екінші орында, ал америкалық Тейлор Таунсенд үшінші орынға көтерілді.
Қазақстандық Анна Данилина екі сатыға көтеріліп, 20-орынға жайғасты. Путинцева төрт сатыға алға жылжып, 104-орынға шықты. Жібек Құламбаева өз орнын сақтап, 156-орында қалды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан