Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

17.02.2025

Юлия Путинцева Дубайдағы турнирдің екінші айналымына шықты

Юлия Путинцева Дубайдағы турнирдің екінші айналымына шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды.

Жұптық сында чехиялық Линда Носковамен бірге бақ сынаған отандасымыз жарыстың алғашқы кезеңінде қытайлық спортшылардан құралған Синьюй Ван/Сайсай Чжен жұбын тізе бүктірді.
Кездесу 1 сағат 6 минутқа созылды. Нәтижесінде Путинцева бастаған ұжым 2:0 (6:3; 6:4) есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.

Енді Юлия мен Линда келесі кезеңде Габриэла Добровски (Канада)/Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия) жұбына қарсы матч өткізеді. Аталған матч ертең, 18 ақпан сағат 11:00-ге жоспарланған.

Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 3 654 963 долларды құрайды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан