17.02.2025

Юлия Путинцева Дубайдағы турнирдің екінші айналымына шықты

Юлия Путинцева Дубайдағы турнирдің екінші айналымына шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды.

Жұптық сында чехиялық Линда Носковамен бірге бақ сынаған отандасымыз жарыстың алғашқы кезеңінде қытайлық спортшылардан құралған Синьюй Ван/Сайсай Чжен жұбын тізе бүктірді.
Кездесу 1 сағат 6 минутқа созылды. Нәтижесінде Путинцева бастаған ұжым 2:0 (6:3; 6:4) есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.

Енді Юлия мен Линда келесі кезеңде Габриэла Добровски (Канада)/Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия) жұбына қарсы матч өткізеді. Аталған матч ертең, 18 ақпан сағат 11:00-ге жоспарланған.

Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 3 654 963 долларды құрайды.

Әртістік жүзуден Карина Магрупова әлем чемпионатында финалға өтті   ⠀

Басқа 7 сағат бұрын

Әртістік жүзуден Карина Магрупова әлем чемпионатында финалға өтті  ⠀

Бірінші лига: «Каспий» өз алаңында «Жетісаймен» тең түсті 

Футбол 7 сағат бұрын

Бірінші лига: «Каспий» өз алаңында «Жетісаймен» тең түсті 

Ұлттық спорт олимпиадалық спорт түрлерімен қатар бағаланады

Басқа 7 сағат бұрын

Ұлттық спорт олимпиадалық спорт түрлерімен қатар бағаланады

Әлем чемпионаты: Әртістік суға жүзуден жүлде бұйырмады 

Басқа 12 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Әртістік суға жүзуден жүлде бұйырмады 

ҚПЛ:  «Тұран» елордада «Астанаға» қауқар көрсете ала ма

Футбол 13 сағат бұрын

ҚПЛ: «Тұран» елордада «Астанаға» қауқар көрсете ала ма

Жол апатынан қаза тапқан футболшы АПЛ клубының Даңқ Залына енді

Футбол 19 сағат бұрын

Жол апатынан қаза тапқан футболшы АПЛ клубының Даңқ Залына енді