Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

18.02.2025

Александр Шевченко Риодағы турнирді жеңіспен бастады

Александр Шевченко Риодағы турнирді жеңіспен бастады

Фото: instagram/shevchenkoo_17

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан АТР 500 турнирінің екінші айналымына өтті.

Жарыстың 1/16 финалында Шевченко (АТР: 103 орын) жергілікті теннисші Фелипе Мелигени Алвеспен (АТР: 149 орын) кездесті.
Қос теннисші кортта 1 сағат 26 минут уақыт өткізді. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:0 (6:4; 6:2) есебімен басым түсті.

Енді Шевченко 1/8 финалда Александр Зверев (Германия)/ Бю Юнчаокете (Қытай) жұбының жеңімпазымен өзара мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 2,574,145 долларды құрайды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан