5 сағат бұрын
Қазақстан Азия жағажай ойындарында Таиландты жеңді
Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан VI Азия жағажай ойындарында су добынан жарыстар басталды. Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы кездесуінде Таиланд командасын жеңді.
Келесі ойында қазақстандық ватерполшылар 23 сәуір күні Гонконг құрамасына қарсы ойнайды.
Жағажай су добының ережесі классикалық форматтан ерекшеленеді — ойын сеттер бойынша өтеді. Негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталып, шешуші пенальти сериясында Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен басым түсті.
Құрамда Ариадна Затыльникова, Камила Наурызбаева, Таира Мухаева, Яна Смолина, Василиса Антропова, Фатима Маткаримова және Аида Алпысбай өнер көрсетіп жатыр.
Турнир айналмалы жүйе бойынша өтеді, әр команда үш матч өткізеді. Жүлдегерлер осы ойындардың қорытындысы бойынша анықталады.
Айта кетейік, бүгін Азия жағажай ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Қазақстан туын Мұрат Шәкенов (су добы) пен Диана Ержанова (акватлон) алып шығады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан