Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Қазақстан акватлоншылары жарысты аяқтады

Қазақстан акватлоншылары жарысты аяқтады

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан Азия жағажай ойындары-2026 аясында акватлоннан Қазақстан әйелдер құрамасы жарысқа қатысты.

Қазақстан сапынан Диана Ержанова мен Аида Ким сынға түсті. Алғашқы жүгіру кезеңінде Ержанова 8:33 нәтижемен төртінші орын алса, Ким 8:55 уақытпен 12-орынға тұрақтады.

Жүзу кезеңі мен екінші транзиттен кейін қазақстандық спортшылар өз позицияларын жоғалтты. Шешуші жүгіру алдында Ержанова 11-орында, ал Ким 19-орында болды.

Қорытындысында Диана Ержанова 34:25 нәтижемен тоғызыншы орынға ие болды. Аида Ким 37:28 уақыт көрсетіп, 20-орынмен жарысты аяқтады.

Жарыстың жеңімпазы қытайлық Синьюй Линь атанды (31:34). Күміс жүлдені камбоджалық Марго Мороко иеленсе (32:00), қола медаль тағы бір қытайлық спортшы Мэйи Лу еншісіне бұйырды (32:32).

Айта кетейік, бұған дейін ерлер арасында Дарын Қонысбаев бесінші нәтиже көрсеткен еді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан