3 сағат бұрын
Cу добынан әйелдер құрамасы жағажайдағы Азия ойындарында жеңіске жетті
Никита Басов
Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz
Бүгін, 23 сәуірде, отандастарымыз Гонконг құрамасына қарсы кездесу өткізді.
Алғашқы кезеңде қазақстандықтар 2:0 есебімен алға шықты. Екінші кезеңде де отандастарымыз басым түсіп, есеп 3:1 болды.
Үшінші кезеңде Гонконг құрамасы басымдық танытып, 4:2 есебімен жеңді. Алайда шешуші кезеңде Қазақстан құрамасы қайтадан тізгінді қолға алып, 3:1 есебімен басым түсті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы кездесуді 3:1 (кезеңдер бойынша) есебімен аяқтап, турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін біздің команда Таиландты да жеңген болатын.
24 сәуірде шешуші ойында қазақстандықтар Қытай құрамасымен кездеседі.
Айта кетейік, 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында әйелдер арасындағы су добы жарысына төрт команда қатысуда. Турнир айналмалы жүйе бойынша өтеді. Яғни әр команда бір-бірімен ойнайды. Жүлдегерлер барлық кездесудің қорытындысы бойынша анықталады.
Қазақстандық спортшы жүлдеге іліге алмады
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов