Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Жағажайдағы Азия ойындарында су добынан Қазақстан ерлер құрамасы екінші жеңісіне жетті 

Жағажайдағы Азия ойындарында су добынан Қазақстан ерлер құрамасы екінші жеңісіне жетті 

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан жағажайдағы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Отандастарымыз бүгін Гонконг құрамасымен кездесті.

Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша ойын тең аяқталды (4:1, 6:2, 2:3, 0:1). Бірақ пенальти сериясында қазақстандықтар 2:1 есебімен басым түсіп, жеңісті суырып алды. Бұған дейін ұлттық құрама Таиландты жеңген болатын.

Айта кетейік, Саньяда су добы бәсекелері айналмалы жүйе бойынша өтуде. Ерлер арасындағы жарысқа алты құрама қатысып жатыр.

Қазақстан келесі матчын 27 сәуірде, Иран құрамасына қарсы өткізеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан