8 сағат бұрын
Жағажай Азия ойындарында Қазақстан үздік үштікке кіре алмады
Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан Азия жағажай ойындары-2026 аясында Қазақстан құрамасы ашық суда жүзуден аралас эстафетада (4×1,5 км) төртінші орын алды.
Бұл жарыс түріндегі соңғы бағдарлама саналған эстафетада Қазақстан сапынан Ғалымжан Балабек, Мария Федотова, Дарья Пушко және Лев Черепанов өнер көрсетті.
Алғашқы кезеңде Балабек 15:36.6 уақыт көрсетіп, мәреге екінші болып жетті. Екінші кезеңде Федотова команданы алдыңғы қатарда ұстап, 17:36.3 нәтижемен аралық үшінші орынға тұрақтады.
Үшінші кезеңде Пушко 18:33.5 уақытпен жарысты жалғастырып, Қазақстан құрамасын үздік үштікте сақтап қалды. Соңғы кезеңде Черепанов 16:36.5 нәтижемен мәреге жетті.
Қорытындысында Қазақстан құрамасы 1:08:22.9 уақыт көрсетіп, төртінші орын иеленді.
Алтын медальді Қытай құрамасы жеңіп алды — 1:05:26.8. Күміс жүлде Вьетнамға бұйырса, Оңтүстік Корея қола медаль еншіледі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан