6 сағат бұрын
Азиада-2026: Қазақстан құрамасынан екі спортшы 1/8 финалға шықты
Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азиаттық жағажай ойындарында спорттық құзға өрмелеуден әйелдер арасындағы жарыстар басталды.
Іріктеу кезеңде Қазақстан атынан төрт спортшы сынға түсті. Нәтижесінде екі спортшы 1/8 финалға жолдама алды.
Атап айтқанда, Тамара Ұлжабаева мен Анна Баларшина плей-офф кезеңіне өтті. Ұлжабаева іріктеу кезеңінде 7.52 секунд нәтижемен 13-орынға ие болса, Баларшина 7.68 секунд көрсетіп 15-орын алды. Екі спортшы да келесі кезеңге өткен 16 үздік қатысушының қатарына енді.
Ал Арина Новицкая 20-орынға, Алина Львова 24-орынға тұрақтап, жарысты аяқтады.
1/8 финалдық кезең Астана уақытымен 17:00-де басталады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан