12 сағат бұрын
Жағажайдағы Азия ойындары: Қазақстан су добынан Қытайдан жеңілді
Сурет: Никита Басов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында су добынан бәсекелер жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бүгін, 28 сәуірде Қазақстан ерлер құрамасы Қытаймен өзара мықтыны анықтады.
Кездесудің қорытындысы бойынша қытайлық спортшылар 3:0 есебімен (3:2, 3:2, 2:1) жеңіске жетті.
Айта кетейік, Қазақстан келесі ойынын 29 сәуірде Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен 7:00-де басталады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан