Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

29.04.2026

Қазақстан су добынан үздік үштікке енді

Қазақстан су добынан үздік үштікке енді

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия жағажай ойындарында Қазақстанның ерлер құрамасы су добынан қола медаль жеңіп алды.

Шешуші матчта қазақстандық спортшылар Оңтүстік Корея құрамасымен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Кезеңдердегі есеп: 4:2, 2:1, 3:2.

Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирді үшінші орынмен аяқтап, қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, су добынан жарыстар айналмалы жүйе бойынша өтті. Яғни әр команда бір-бірімен кездесті. Қазақстан құрамасы бес матчта үш жеңіске жетіп, екі кездесуде жеңілді.

Ел намысын бұл жарыста Темірлан Балфанбаев, Сұлтан Шонжығитов, Мұрат Шәкенов, Эдуард Цой, Руслан Ахметов, Александр Еремин және Алдияр Әкімбай қорғады.

Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасының қоржынында жеті медаль бар: бір алтын, екі күміс және төрт қола.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан