2 сағат бұрын
Құзға өрмелеуден қазақстандықтар плей-офф кезеңіне жолдама алды
Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан VI Азия жағажай ойындарында спорттық құзға өрмелеуден эстафеталық жарыстар басталды.
Әйелдер арасындағы іріктеу кезеңінде Тамара Ұлжабаева мен Анна Баларшина 16,81 секунд нәтиже көрсетіп, сегізінші орынмен 1/8 финалға жолдама алды.
Ерлер арасында да қазақстандық спортшылар плей-офф кезеңіне өтті. Әмір Маймұратов пен Дамир Тоқтаров 10,26 секунд уақыт нәтижесімен іріктеуде екінші орын иеленді. Ал Ришат пен Рашид Хайбуллиндер 10,82 секундта мәреге жетіп, төртінші орынға тұрақтады.
1/8 финалдық жарыстар бүгін Астана уақытымен сағат 17:00-де өтеді.
Айта кетейік, бұл кешенді дода алдағы күзде Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындық кезеңдерінің бірі саналады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан