Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Қазақстан жағажай күресінен медальсіз қалды

Қазақстан жағажай күресінен  медальсіз қалды

Қазақстан құрамасы Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия жағажай ойындарында жағажай күресі бойынша жарысын аяқтады.

Финалдық кезеңге дейін үш қазақстандық спортшы жеткенімен, жүлде жеңіп алу мүмкін болмады.

80 келіге дейінгі салмақта Ермахан Қошкінбаев қола медаль үшін белдесуде Қытай спортшысы Фэн Луға 0:2 есебімен есе жіберді.

Әйелдер арасында 70 келіге дейінгі салмақта Бейбіт Сейдуали Үндістан өкілі Джасприт Каурға 0:1 есебімен жеңілді.

Ал 70 келіден жоғары салмақта Алина Ертөстік Қытай балуаны Ли Вэньцзиге 0:1 есебімен жол беріп, жүлдеден тыс қалды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ватерполшылары Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алған болатын.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан