02.05.2026
Қазақстан құрамасы триатлоннан төрт медаль иеленді
Филиппиннің Субик-Бей қаласында өткен триатлоннан Азия кубогында Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 4 медаль жеңіп алды.
Жасөспірімдер арасында Рамазан Айнегов пен Алуа Нұрмұхамбет алтын медаль иегері атанды. Калерия Шнейдер күміс жүлде жеңіп алды.
Ересектер бәсекесінде Дарын Қонысбаев күміс медальға қол жеткізді.
Осылайша Қазақстан құрамасы халықаралық додада жоғары нәтиже көрсетті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан