Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Қазақстандық қос маман Азия ойындарында төрелік етеді

Қазақстандық қос маман Азия ойындарында төрелік етеді

Фото:ҰОК

Каратэден қазақстандық екі маман халықаралық деңгейде тағы бір маңызды жетістікке қол жеткізді.

Дүниежүзілік каратэ федерациясының (WKF) шешімімен Жапонияның Нагоя қаласында өтетін ірі халықаралық додаға Қазақстан атынан екі төреші шақырту алды. Олар – Алматы қаласының өкілі Александра Будкина және Түркістан облысынан Жандос Даут.

Бұл жетістік тек жеке мамандар үшін ғана емес, еліміздегі каратэ қауымдастығы үшін де үлкен мақтаныш. Себебі аталған екі төреші Азия құрлығындағы 400-ден астам үміткердің ішінен іріктеліп, 37 халықаралық төрешінің қатарына енген.

Мұндай таңдау Қазақстандағы төрешілерді даярлау жүйесінің сапасы жоғары екенін және еліміздің каратэ спортындағы халықаралық беделінің артып келе жатқанын көрсетеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан