24.07.2026
Қазақстан құрамаларының Азия ойындарындағы қарсыластары анықталды
2026 жылғы 19 қыркүйек – 4 қазан аралығында Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтетін XX жазғы Азия ойындарының командалық спорт түрлері бойынша жеребе қорытындысы белгілі болды.
Су добынан Қазақстанның ерлер құрамасы А тобында Таиланд, Жапония және Гонконгпен кездеседі. Әйелдер құрамасы Қытай, Жапония, Сингапур, Таиланд және Өзбекстанға қарсы ойнайды.
Гандболдан ерлер құрамасы В тобына түсіп, Бахрейн, Кувейт, Оңтүстік Корея және Иранмен бақ сынасады. Әйелдер құрамасының қарсыластары – Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Гонконг, Өзбекстан және Вьетнам.
Регби-7 додасында Қазақстанның ерлер құрамасы Жапония, Таиланд және Оңтүстік Кореямен бір топқа түсті. Әйелдер құрамасы Жапония, Таиланд және Сингапурмен күш сынасады.
Көгалдағы хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы А тобында Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия, Қытайлық Тайбэй және Бангладеш құрамаларымен кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz