24.07.2026
Қазақстандық волейболшылары Азия ойындарына қарсыластарын білді
Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтетін 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының волейбол турниріне арналған ресми жеребе тарту рәсімі өтті.
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстанның ерлер құрамасы А тобына түсіп, Жапония, Пәкістан және Өзбекстан құрамаларымен кездеседі.
Ал әйелдер құрамасы В тобында өнер көрсетеді. Қазақстандық волейболшылар топтық кезеңде Қытай және Филиппин құрамаларымен күш сынасады.
Айта кетейік, әйелдер арасындағы волейбол жарысы 16–22 қыркүйек аралығында өтсе, ерлер турнирі 27 қыркүйек – 3 қазан күндеріне жоспарланған.
Біздің серіктес: Sport12kz