25.07.2026
Қазақстан қоржыны Азия чемпионатында 18 медальмен толықты
Қазақстан құрамасы Вьетнамда өткен пенчак силаттан Азия чемпионатын 18 медальмен аяқтады. Ұлттық құрама қоржынына бір алтын, төрт күміс және 13 қола жүлде түсті.
Қазақстан сапындағы жалғыз алтын медальді Райымбек Орынбай жеңіп алды. Ол 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде (тандинг) қарсыластарынан басым түсті.
Күміс жүлдені Назерке Темірғалиева (75 кг), Мереке Жүнісова (85 кг), Захар Рябов (110 кг) және Регина Трайзе (80 кг) иеленді.
Ал қола жүлдегерлер қатарында Регина Трайзе, Диана Юсубова, Аружан Сайлау, Рахымжан Оразқұлов, Саид Қасымов, Ілияс Хасымжанов, Қуандық Маликов, Асия Жайық, Ақнұр-Айым Исмурзина, Арай Аманбай және Күндиас Сағындықова бар.
Айта кетейік, пенчак силат – қарусыз жекпе-жек, суық қарумен айқасу және дәстүрлі би элементтерін біріктіретін ежелгі жекпе-жек өнері.
Біздің серіктес: Sport12kz