5 күн бұрын

Таеквондодан Азия ойындарына баратын Қазақстан құрамасы қашан белгілі болады?

Таеквондодан Азия ойындарына баратын Қазақстан құрамасы қашан белгілі болады?

Қазақстанның таеквондодан Азия ойындарына қатысатын спортшылары соңғы іріктеу жарысынан кейін анықталады. Бұл туралы Таеквондо федерациясының вице-президенті Сұлтан Қасымов айтты.

Оның сөзінше, ұлттық құрамаға енетін спортшылардың есімі Пәкістанда өтетін WT Президенті кубогынан кейін белгілі болады. Жарыстағы нәтижелер мен спортшылардың қазіргі дайындығы ескеріліп, Азия ойындарына баратын құрам жасақталады.

«Азия ойындарына қатысатын ұлттық құраманың соңғы тізімі Пәкістанда өтетін WT Президенті кубогынан кейін белгілі болады. Осы жарыстан кейін спортшылардың дайындығы мен нәтижесі сараланып, нақты шешім қабылданады», – деді Сұлтан Қасымов.

Айта кетейік, Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өтеді.


Біздің серіктес: Sport12kz