3 сағат бұрын
Қазақстанның Азиадаға падел құрамы белгілі болды
Қазақстанның падел федерациясы 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құраманың сапын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Құрамаға сегіз спортшы енді. Ерлер арасында Евгений Данилов, Тимур Хабибулин, Родион Пак және Жақас Көзбақ ел намысын қорғайды. Әйелдер арасындағы жарыста Альбина Хабибулина, Мария Синицына, Айгерім Сүлеймен және Татьяна Гиоргадзе өнер көрсетеді.
Падел Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет медаль сарапқа салынатын спорт түрі ретінде енгізілді. Жарыс Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.
Паделден жарыстар 28 қыркүйек пен 3 қазан аралығына жоспарланған.
Біздің серіктес: Sport12kz