10.09.2026
Каратэден Азия ойындарында ел намысын қорғайтын құрам анықталды
Каратэден Азия ойындарында ел намысын қорғайтын құрам анықталды.
19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияда өтетін додада еліміздің атынан алты спортшы бақ сынайды.
Ерлер:
Жоламан Биғабыл – 55 кг дейін;
Олжас Алтынбек – 67 кг дейін;
Нұрқанат Әжіқанов – 75 кг дейін.
Әйелдер:
Бэлла Самашева – 55 кг дейін;
Әсел Қанай – 61 кг дейін;
Софья Берульцева – 68 кг жоғары.
Қазақстан құрамасының бас бапкері – Берік Қасенов. Аға жаттықтырушылар – Бақтияр Тоқсейітов пен Мирас Шамов.
Қазір ұлттық құрама Жапонияның Юки қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Алты спортшы да кумите бағдарламасында өнер көрсетеді.
Каратэден жарыстар 20-23 қыркүйек аралығында өтеді. Бұл спорт түрінен 15 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.
Айта кетейік, Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz