16 сағат бұрын
Баскетболдан Қазақстан құрамасы Азия ойындарында екінші ойынын өткізді
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында баскетбол бәсекесі жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, С тобында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан ерлер құрамасы екінші ойынын Филиппинге қарсы өткізіп, 78:109 есебімен қарсыластарына жол берді.
Енді отандастарымыз топтағы шешуші кездесуінде 14 қыркүйек күні Бахрейнмен жолығады.
Баскетбол бәсекесі басталғанымен, Азия ойындарының ресми ашылу салтанатына 7 күн қалды. Ашылу рәсімі 19 қыркүйекте Нагоя қаласындағы «Nagoya City Mizuho Park Athletic» стадионында өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz