4 сағат бұрын
Қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарында сынға түсті
Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыс бойынша жарыстар басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алғашқы болып әйелдер арасында семсерлесуден іріктеу кезеңі өтті.
Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижені Диана Щедрова көрсетті. Ол 32 жекпе-жектің 19-ында жеңіске жетіп, 12-орынға орналасты.
Аяна Қазбекова 17 жеңіспен 16-орын алса, Юлиана Петрова 14 жекпе-жекте жеңіп, 22-сатыға жайғасты.
Айта кетейік, іріктеу кезеңінің нәтижелері келесі кезеңдегі семсерлесуден жарыстың жеребелік кестесіндегі спортшылардың орналасуын анықтайды.
Қазіргі бессайыстан әйелдер арасындағы жартылай финал 17 қыркүйекте өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz