1 сағат бұрын
Бүгін жазғы Азия ойындарының ресми шымылдығы түріледі
Фото: Қазақстан ҰОК
Бүгін Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында жазғы Азия ойындарының ресми шымылдығы түріледі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Құрлықтағы ең ірі спорттық доданың ашылу салтанатын сағат 13:55-тен бастап Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тамашалауға болады.
ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 558 спортшы бақ сынайды. Отандастарымыз жарыс бағдарламасына енген 43 спорттың 35 түрінен жүлдеге таласады.
ХХ жазғы Азия ойындары 2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді. Жекелеген жарыстар Токио мен Осака қалаларында, Сидзуока және Гифу префектураларында ұйымдастырылады.
Салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің туын дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов және үстел теннисінен ұлттық құраманың спортшысы Сарвиноз Миркадирова ұстап шығады.
Біздің серіктес: Sport12kz