3 сағат бұрын
Каратэ-до спортынан қазақстандықтар Азия ойындары жартылай финалына шықты
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қазақстандық каратэші Жоламан Биғабыл +68 келідегі Софья Берульцева жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ширек финалда ол Сауд Арабиясының спортшысы Дина Ахмед Мостафадан 9:6 есебімен айласын асырып кетті.
Келесі кезеңде отандасымыз Арика Гурунг (Непал) пен Яра Насер (Иордания) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, Софья Берульцева 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, 2022 жылғы Азия ойындарының чемпионы және 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері саналады. Сондай-ақ оның еншісінде Азия чемпионатының үш алтын медалі бар.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Триатлоннан ерлер арасындағы Арлан Жанабайдың қола жүлде еншілесе, тас жолдағы велоспорттан әйелдер арасындағы жарыста Рината Сұлтанова алтын жүлде иеленді.
Еске салайық, ХХ жазғы Азия ойындары Аичи–Нагояда 4 қазанға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Sport12kz