Матч орталығы
Серия А Футбол Фиорентина Фиорентина 15:30 Бүгін Наполи Наполи Чемпионшип Футбол Вулверхэмптон Вулверхэмптон 16:00 Бүгін Вест Бромвич Вест Бромвич Премьер-лига Футбол Селтик Селтик 16:00 Бүгін Рейнджерс Рейнджерс Ла Лига Футбол Хетафе Хетафе 17:00 Бүгін Малага Малага Эредивизи Футбол Твенте Твенте 17:30 Бүгін ПСВ ПСВ Чемпионшип Футбол Норвич Норвич 17:30 Бүгін Болтон Болтон Премьер-лига Футбол Лидс Лидс 18:00 Бүгін Кристал Пэлас Кристал Пэлас Премьер-лига Футбол Борнмут Борнмут 18:00 Бүгін Ливерпуль Ливерпуль Премьер-лига Футбол Манчестер Сити Манчестер Сити 18:00 Бүгін Сандерленд Сандерленд Лига 1 Футбол Осер Осер 18:00 Бүгін Брест Брест Серия А Футбол Фрозиноне Фрозиноне 18:00 Бүгін Комо Комо Серия А Футбол Парма Парма 18:00 Бүгін Дженоа Дженоа Бундеслига Футбол Байер Байер 18:30 Бүгін Лейпциг Лейпциг Суперлига Футбол Фенербахче Фенербахче 19:00 Бүгін Эюпспор Эюпспор Ла Лига Футбол Атлетико Атлетико 19:15 Бүгін Реал Мадрид Реал Мадрид Лига 1 Футбол Ницца Ницца 20:15 Бүгін Лилль Лилль Премьер-лига Футбол Фулхэм Фулхэм 20:30 Бүгін Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед Бундеслига Футбол Шальке Шальке 20:30 Бүгін Эльверсберг Эльверсберг Серия А Футбол Ювентус Ювентус 21:00 Бүгін Аталанта Аталанта Ла Лига Футбол Депортиво Депортиво 21:30 Бүгін Бетис Бетис

2 сағат бұрын

Велошабандоз Алексей Луценко Қазақстан құрамасының екінші алтынын алды

Велошабандоз Алексей Луценко Қазақстан құрамасының екінші алтынын алды

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Алексей Луценко Айти–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медальды салды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі ерлер арасындағы тасжол велоспортынан жекелей уақытқа жарыста жеңімпаз атанды.

Бұл — Алексей Луценконың мансабындағы төртінші Азия ойындары және құрлықтың басты додасында жеңіп алған бесінші алтын медалі.

Бұған дейін қазақстандық велошабандоз Инчхон, Джакарта және Ханчжоудағы Азия ойындарында жекелей уақытқа жарыста чемпион атанған. Сондай-ақ 2018 жылы Джакартада топтық жарыста алтын медаль иеленсе, Ханчжоудағы Азия ойындарында осы бәсекеде күміс жүлде жеңіп алды.

Осылайша, Алексей Луценко Азия ойындарындағы табысты өнерін жалғастырып, өзінің жүлделер қорын бесінші алтын медальмен толықтырды.

Алексей Луценко — 2017 жылғы Азия чемпионы және 2012 жылғы 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионы.

Еске салайық, XX жазғы Азия ойындары Айти–Нагояда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Айта кетсек, бұдан бұрын Рината Сұлтанова Азия ойындарында велоспортынан жекелей жарыста чемпион атанды.



Біздің серіктес: Sport12kz