6 сағат бұрын
Қазақстан Азия ойындарында 22 қыркүйекте қандай спорт түрлерінен сайысқа түседі
Фото: Қазақстан ҰОК
Жапонияның Аичи-Нагоя аймағында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында 22 қыркүйекте Қазақстан құрамасы қандай спорт түрлерінен сайысқа түсетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл күні отандастарымыз академиялық ескек есу, тас жолдағы велоспорт, жағажай волейболы, бадминтон, нысана көздеу, стенд ату, семсерлесу, баскетбол 5х5 спорт түрлерінен жарысады.
Ойын күнтізбесі
Тас жолдағы велоспорт
5:00. Әйелдер. Топтық жарыс. Рената Сұлтанова, Виолетта Казакова, Елизавета Склярова.
Киберспорт
5:00, 13:30, 14:30.
Нысана көздеу
Аралас команда - 05:45, аралас команда, финал - 07:55
Семсерлесу
6:00-15:00
Баскетбол
6:00. Әйелдер. Қазақстан - Гонконг.
Үстел теннисі. 6:00. Әйелдер. Қазақстан - Өзбекстан, 11.10. Қазақстан - Тайпей
Стенд ату. 6:00.
Волейбол. 6:00. Қазақстан - Вьетнам
Жағажай волейболы
7:00. Ерлер. Қазақстан - Оңтүстік Корея, 9:00. Қазақстан - Өзбекстан
Каратэ
08:50. Бэлла Самашева, 10:40. Нұрқанат Әжіқанов
Гандбол
9:30. Әйелдер. Қазақстан - Вьетнам, Ерлер. Қазақстан - Кувейт
Спорттық гимнастика
10:00. Әйелдер
Су добы
10.30. Қазақстан - Тайпей
Ережесіз жекпе-жек
10:34. Еркінғали Бүркітәлин, 12:04. Қадырбек Шынбаев
Баскетбол 3х3
13:40. Әйелдер. Қазақстан - Қытай, 15:45. Қазақстан - Сирия
Ушу
14:00. Аян Тұрсын, Әлижан Аблагатов, Абдурашид Абдуллаев.
2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан жалпы командалық есепте 8 (4 алтын, 1 күміс, 3 қола) медальмен төртінші орында келеді.
Қазірге дейін тасжолдағы велоспорттан Рината Сұлтанова мен Алексей Луценко чемпион атанды. Ал каратэші Жоламан Биғабыл (55 келі), София Берульцева (68 келі) Азия ойындарының алтынына қол жеткізсе, Әсел Қанай (61 келі) күміс жүлдегер болды.
Сондай-ақ қазіргі бессайыстан Қазақстан құрамасы, триатлоншы Арлан Жаңабай, Санжар Әділов (65 келі) ережесіз жекпе-жектен қола жүлдені қоржынға салды.
Біздің серіктес: Sport12kz