Матч орталығы
Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол Ирак Ирак 1:1 Аяқталды Оман Оман Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Әзербайжан Әзербайжан 1:0 Аяқталды Тәжікстан Тәжікстан Нидерланд кубогы Футбол JOS Watergraafsmeer JOS Watergraafsmeer 4:4 Пенальтиден соң ТЕК ТЕК Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол Сауд Арабиясы Сауд Арабиясы 1:0 Аяқталды Кувейт Кувейт Нидерланд кубогы Футбол Беркел Беркел 4:6 Аяқталды Рохда Ральте Рохда Ральте Нидерланд кубогы Футбол Звалувен Звалувен 0:1 Аяқталды VPV Purmersteijn VPV Purmersteijn Челленджер Буэнос-Айрес 2 Теннис Факундо Мена Факундо Мена 2:0 Аяқталды Гвидо Иван Хусто Гвидо Иван Хусто Еуролига, қыздар Баскетбол Панатинаикос (Қ) Панатинаикос (Қ) 68:91 Аяқталды Эмлак Конут (Қ) Эмлак Конут (Қ) Уругвай кубогы Футбол Ливерпуль Ливерпуль 3:0 Аяқталды Колон Колон Уругвай кубогы Футбол Бостон Ривер Бостон Ривер 3:2 Аяқталды Феникс Феникс Чэнду мужчины Теннис Александр Шевченко Александр Шевченко 12:20 Бүгін Хуберт Хуркач Хуберт Хуркач Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Жапония Жапония 15:05 Бүгін Уругвай Уругвай Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Оңтүстік Корея Оңтүстік Корея 16:00 Бүгін Эквадор Эквадор Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол БАӘ БАӘ 20:55 Бүгін Йемен Йемен УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Андорра Андорра 21:00 Бүгін Мальта Мальта Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол Катар Катар 23:00 Бүгін Бахрейн Бахрейн УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Сербия Сербия 23:45 Бүгін Грекия Грекия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Португалия Португалия 23:45 Бүгін Уэльс Уэльс УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Косово Косово 23:45 Бүгін Ирландия Ирландия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Лихтенштейн Лихтенштейн 23:45 Бүгін Литва Литва

4 сағат бұрын

Анастасия Миршина: ертең бізде бір ғана мақсат бар - жеңіске жету

Анастасия Миршина: ертең бізде бір ғана мақсат бар - жеңіске жету

Сурет: Арлан Олжабай

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Анастасия Миршина Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы команданың өнеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті жазды.

Спортшы Таиланд құрамасын жеңген қиын кездесуді, командадағы капитанның рөлін және Өзбекстанға қарсы соңғы ойын алдындағы көңіл күйді айтып берді

"Біз үшін Таиландқа қарсы ойын шешуші болды. Ең жауапты кездесу осы еді. Барлық жарыс бойы осы ойынды күттік. Жарыс кестесіне сәйкес, бұл біздің үшінші кездесуіміз болды.

Төртінші кезеңнің басында 2:7 есебімен ұтылып жаттық. Соған қарамастан, өзімізді қолға алып, қарсылас команданы қуып жеттік те, негізгі уақытты 10:10 есебімен тең аяқтадық. Кейін пенальти сериясында жеңіске жеттік. Бұл ойын командамыздың соңына дейін күресіп, тіпті, өте қиын жағдайда да берілмей ойнай алатынын көрсетті.

Бүгін Қытаймен ойнап, жеңіліп қалдық. Бірақ Қытайдың өте мықты команда екенін жақсы білеміз. Олар әрдайым алтын медальға таласады. Дегенмен алдымызда Өзбекстанға қарсы маңызды кездесу бар. Сондықтан біз үшін жарыс әлі аяқталған жоқ.

Қазір медальға бір табан жақын тұрғандай сезім жоқ. Мұны соңғы ойыннан кейін ғана толық түсінетін шығармыз. Әуелі Өзбекстанды жеңіп, жүлдеге қол жеткізуіміз керек. Сонда ғана оның қаншалықты маңызды екенін сезінеміз.

Капитан ретінде командаға үнемі жігер беріп, ойынға дайындауға тырысамын. Бұл - үлкен жауапкершілік. Егер капитанның жігері құм болса, оның қалған ойыншыларға да әсер ететіні анық. Сондықтан командаға қолдау көрсету қажет.

Бірақ команданы жігерлендіру тек капитанның міндеті емес. Кез келген ойыншы дауыстап, қолдау көрсетіп, алға жетелеп немесе ақылын айта алады. Командалық спорттың ерекшелігі де осында. Әр ойыншы команданың жігерін көтеріп, қиын сәтте қолдау көрсете алады.

Алдағы ойынға әлі дайындаламыз. Жиын өткізіп, ойынды талдаймыз деп ойлаймын. Барлығын саралап, дайындаламыз. Ертең бізде бір ғана мақсат бар - жеңіске жету. Медаль алып, елге сол жүлдемен қайтқымыз келеді. Бәріміз де үйді сағынып қалдық: біріміздің отбасымыз, біріміздің балаларымыз бар.

Азия ойындарына дейін Шанхайда оқу-жаттығу жиынында болдық. Сондықтан үйге көптен бері барған жоқпыз. Жиыннан кейін бірден осында ұшып келдік. Әрине, соңғы ойынды өткізіп, жеңіске жетіп, медаль алып, үйге қайтқымыз келіп отыр. Біздің жоспарымыз осы", - деді Миршина.



Біздің серіктес: Sport12kz