Матч орталығы
Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол Ирак Ирак 1:1 Аяқталды Оман Оман Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Әзербайжан Әзербайжан 1:0 Аяқталды Тәжікстан Тәжікстан Нидерланд кубогы Футбол JOS Watergraafsmeer JOS Watergraafsmeer 4:4 Пенальтиден соң ТЕК ТЕК Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол Сауд Арабиясы Сауд Арабиясы 1:0 Аяқталды Кувейт Кувейт Нидерланд кубогы Футбол Беркел Беркел 4:6 Аяқталды Рохда Ральте Рохда Ральте Нидерланд кубогы Футбол Звалувен Звалувен 0:1 Аяқталды VPV Purmersteijn VPV Purmersteijn Челленджер Буэнос-Айрес 2 Теннис Факундо Мена Факундо Мена 2:0 Аяқталды Гвидо Иван Хусто Гвидо Иван Хусто Еуролига, қыздар Баскетбол Панатинаикос (Қ) Панатинаикос (Қ) 68:91 Аяқталды Эмлак Конут (Қ) Эмлак Конут (Қ) Уругвай кубогы Футбол Ливерпуль Ливерпуль 3:0 Аяқталды Колон Колон Уругвай кубогы Футбол Бостон Ривер Бостон Ривер 3:2 Аяқталды Феникс Феникс Чэнду мужчины Теннис Александр Шевченко Александр Шевченко 12:20 Бүгін Хуберт Хуркач Хуберт Хуркач Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Жапония Жапония 15:05 Бүгін Уругвай Уругвай Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Оңтүстік Корея Оңтүстік Корея 16:00 Бүгін Эквадор Эквадор Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол БАӘ БАӘ 20:55 Бүгін Йемен Йемен УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Андорра Андорра 21:00 Бүгін Мальта Мальта Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол Катар Катар 23:00 Бүгін Бахрейн Бахрейн УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Сербия Сербия 23:45 Бүгін Грекия Грекия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Португалия Португалия 23:45 Бүгін Уэльс Уэльс УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Косово Косово 23:45 Бүгін Ирландия Ирландия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Лихтенштейн Лихтенштейн 23:45 Бүгін Литва Литва

4 сағат бұрын

Зоя Пискун: жарыс қиын болды. Бірақ қолымыздан келгеннің бәрін жасадық

Зоя Пискун: жарыс қиын болды. Бірақ қолымыздан келгеннің бәрін жасадық

Сурет: Сали Сабиров

Стенд атудан Қазақстан құрамасының спортшысы Зоя Пискун Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алғаннан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz.

"Жарыс біз үшін өте қиын болды. Қолымыздан келгеннің бәрін жасадық, бар күшімізді салдық, тынымсыз еңбек еттік. Бұл жүлдеге жету үшін ұзақ уақыт дайындалдық. Жарты жыл бойы жаттығып, жарысқа тыңғылықты әзірлендік. Әрине, сәл ғана жетпей қалды. Дегенмен жалпы нәтижеміз жаман емес. Бұдан да жақсы өнер көрсетуге болар еді.

Үш күнге созылған іріктеу кезеңінде зейінді барынша сақтауға тура келеді. Бұл - жарыстың талабы. Спортшы кез келген жағдайға дайын болып, әр ортаға бейімделе білуі керек. Себебі біз әртүрлі елдерде жарысқа қатысамыз. Сондықтан кез келген жағдайға үйрену қажет. Мұның бәрі маңызды. Өйткені оған бейімделе алмасаң, ешқашан чемпион бола алмайсың.

Бәсекелестер туралы айтатын болсақ, әрине, Қытай құрамасын атап өтуге болады. Қазір олардың командасы өте мықты. Қатар да соңғы уақытта жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Үндістан да осал емес. Негізгі бәсекелестеріміз осы командалар болады деп ойладық.

Ханчжоуда өткен Азия ойындарында біз чемпион атанған едік. Бірақ ол кезде құрама сапы сәл өзгеше болды. Қазір команда өзгерді. Оның үстіне бұл жолы бәсекенің деңгейі де әлдеқайда жоғары. Біз алтын медаль алуды қатты қаладық. Соған бар күшімізді салып, аянбай еңбек еттік. Өкінішке қарай, бұл жолы жеңіске жетуге бірнеше ұпай жетпей қалды.

Біздің командамыз өте ұйымшыл. Әрдайым бір-бірімізге қолдау көрсетеміз. Бір-бірімізге жанкүйер болып, көмектесіп, жігерлендіріп отырамыз. Осындай тартысты бәсекеде медаль жеңіп алғанымызға қуаныштымыз", - деді Зоя Пискун.

Айта кетейік, стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы командалық "скит" сайысында күміс медаль иеленді. Ел намысын Зоя Пискун, Әсем Орынбай және Адель Садақбаева қорғады.




Біздің серіктес: Sport12kz