Матч орталығы
Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Өзбекстан Өзбекстан 3:1 Аяқталды Иран Иран Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол БАӘ БАӘ 4:0 Аяқталды Йемен Йемен УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Андорра Андорра 1:2 Аяқталды Мальта Мальта Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол Катар Катар 2:0 Аяқталды Бахрейн Бахрейн УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Нидерланд Нидерланд 1:1 Аяқталды Германия Германия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Сербия Сербия 1:2 Аяқталды Грекия Грекия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Аустрия Аустрия 3:1 Аяқталды Израиль Израиль УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Норвегия Норвегия 3:2 Аяқталды Дания Дания УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Лихтенштейн Лихтенштейн 0:2 Аяқталды Литва Литва УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Косово Косово 1:0 Аяқталды Ирландия Ирландия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Португалия Португалия 1:0 Аяқталды Уэльс Уэльс Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Аустралия Аустралия 15:00 Бүгін Бразилия Бразилия Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Словакия U19 Словакия U19 20:00 Бүгін Қазақстан U19 Қазақстан U19 УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Армения Армения 21:00 Бүгін Латвия Латвия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Грузия Грузия 21:00 Бүгін Солтүстік Ирландия Солтүстік Ирландия Кубок Лейвера Теннис Рафаэль Ходар Рафаэль Ходар 23:00 Бүгін Александр Бублик Александр Бублик Еуропа чемпионаты U21, іріктеу Футбол Англия U21 Англия U21 23:30 Бүгін Қазақстан U21 Қазақстан U21 УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Швеция Швеция 23:45 Бүгін Румыния Румыния УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Черногория Черногория 23:45 Бүгін Кипр Кипр УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Польша Польша 23:45 Бүгін Босния және Герцеговина Босния және Герцеговина

4 сағат бұрын

Финалдағы қарсыласымды Азия чемпионатында да сан соқтырғанмын – Қадырбек Шынбаев

Финалдағы қарсыласымды Азия чемпионатында да сан соқтырғанмын – Қадырбек Шынбаев

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Жапонияның Аичи-Нагоя аймағында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында аралас жекпе-жектен (ММА) чемпион атанған Қадырбек Шынбаев (71 келі) Sport12.kz тілшісіне берген сұхбатында жарыстан алған әсерімен бөлісті.

– Азия ойындарына дайындық барысы қалай өтті? Финалдық кездесу, қарсыласың туралы не айтасың?

– Бехруз Хуршедзодамен қаңтар айында өткен Азия чемпионатында жолымыз түйіскен. Ол кезде де жеңіс маған бұйырды. Сол сәтті серияны Азия ойындарында жалғастырғым келді. Турнирге дайындық барысында бапкеріммен шеберлікті шыңдауға, спорттық қабілетімді арттыруға көп көңіл бөлдім.

Бүгін алға қойған мақсатымды орындауға тағы бір мәрте мүмкіндік туды. Бұл жолы да барлығы ойдағыдай өтті. Осылайша жеңіс тұғырынан көріндім.

– Бехрузға қарсы жарыс жолына арнайы тактикамен шықтың ба? Сенің негізінен шабуылға көбірек көңіл бөлгеніңді байқадық...

– Негізінде бұл жекпе-жекке арнайы тактика құрған жоқпыз. Жеңіске табандылығымның, дайындығымның арқасында жеттім.

– Алдымен аралас жекпе-жек шебері Еркінғали Бүркіталин ел қоржынына алтын жүлдені салды. Бұл саған қосымша күш-жігер берді ме?

– Ұлттық құрама сапында бірге жаттығып жүрген Еркінғали ағам екеуіміз бір жыл бұрын Азия ойындарына іріктеу кезінде алдымызға «жеңіс тұғырынан көрінеміз» деген мақсат қойдық. Бүгін сол сөзіміз шындыққа айналып, екеуіміз де чемпиондық атақты жеңіп алдық.

– Алда қандай жарыстар бар? Ендігі жоспарың қандай?


– Әрине, спортшы болғаннан кейін бір орында тұрып қалуға болмайды. Алдағы уақытта осы жеңісті жолымды жалғағым келеді. Ол үшін тынбай еңбектену, жаттығу керек.

– Өзіңе жанкүйер болған тілеулес жандарға не айтасың?

– Маған жанкүйер болған жандарға ризашылығым шексіз. Осы орайда Батыс Қазақстан облысына қарасты Тасқала ауданында тұратын туған-туысқандарыма алғысымды білдіргім келеді.

– Аралас жекпе-жекпен қай кезден бері айналысып келесің?

– Бастапқыда қазақ күресімен шұғылданғанмын. Он үш жасымда аралас жекпе-жекке көңіл бөлдім. Алғашқы бапкерім әкем болған еді. Он сегіз жасыма дейін сол кісі дайындап келді. Қазір Ақтөбе қаласында шеберлігімді жетілдіріп жүрмін.

– Ізбасар өрендерге қандай тілек айтасың?

– Спорттың оңайы жоқ. Әркім өз таңдауын жасап, сол жолда аянбай еңбектенсе, жоғары нәтижеге қол жеткізе алады.




Біздің серіктес: Sport12kz