22 сағат бұрын
Қазақстандық үстел теннисшілер Азиадада 1/8 финалға шықты
Қазақстандық жұп Кирилл Герасименко мен Алан Құрманғалиев Жапонияда өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарында үстел теннисінен 1/8 финалға жолдама алды.
Ерлер арасындағы жұптық жарыстың 1/16 финалында қазақстандық спортшылар Иран өкілдері Бенджамин Фараджи мен Ариан Гаффариді 3:1 есебімен жеңді.
Герасименко мен Құрманғалиевтің 1/8 финалдағы қарсыласы бүгін анықталады.
Қазақстанның тағы бір жұбы Айдос Кенжигулов пен Санжар Жұбанов 1/16 финалда жарысты аяқтады. Олар Иранның Ношад Аламиан және Нима Аламиан жұбынан жеңілді.
Біздің серіктес: Sport12kz