21 сағат бұрын
Айбек Оралбайдың Азиададағы алғашқы қарсыласы анықталды
Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбайдың Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Оралбай ширек финалда Қырғызстан өкілі Мырзакир Қошалиевпен кездеседі. Қошалиев 1/8 финалда Түрікменстан боксшысы Довлет Исламовты төрешілердің бөлек шешімімен 3:2 есебімен жеңді.
Осылайша, Айбек Оралбай мен Мырзакир Қошалиев арасындағы жекпе-жек ширек финалда өтеді. Бұл кездесудің жеңімпазы Азиада-2026 ойындарының кемінде қола жүлдесіне кепілдік алады.
Айта кетейік, бүгін, 25 қыркүйекте Қазақстан сапынан Назым Қызайбай (54 кг) мен Оразбек Асылқұлов (60 кг) шаршы алаңға шығады.
Біздің серіктес: Sport12kz