19 сағат бұрын
Тағы бір қазақстандық боксшы жарыс жолынан шығып қалды
Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында бокстан 60 келіде ел намысын қорғаған Оразбек Асылқұлов та жарыс жолынан шығып қалды.
Отандасымыз ширек финалда Корея елінің өкіліне 1:4 есебімен жол берді.
Бұған дейін 80 келіде Сабыржан Аққалықов та алғашқы айналымнан әрі аса алмаған еді. Сондай-ақ 54 келіде үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай да сенсациялық жеңіліске ұшырады.
Біздің серіктес: Sport12kz