19 сағат бұрын
Қазақстандық жүзушілер Азия ойындарында үздік ондыққа енді
Аичи–Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық жүзушілер үздік ондық қатарынан көрінді.
50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден өткен финалда София Сподаренко 26,49 секунд нәтиже көрсетіп, алтыншы орынға ие болды.
Бұл қашықтықта Қытай өкілдері Жан Юйфэй мен У Цинфэн алтын және күміс жүлдені иеленсе, жапониялық Ики Рикако қола медаль алды.
Ал 50 метрге брасс әдісімен жүзуден сынға түскен Айбат Мырзамұратов 27,98 секунд көрсеткішпен оныншы орынға тұрақтады.
Бұл сында да Қытай спортшылары үздік шықты. Цинь Хайян алтын, Лю Цзуньцзе күміс жүлдеге ие болды. Жапониялық Син Охаси қола медальді еншіледі.
Біздің серіктес: Sport12kz