18 сағат бұрын
Қазақстан әйелдер құрамасы сапы сайысынан Азиадада тарихи қола жүлде жеңіп алды
Қазақстанның әйелдер құрамасы Аичи–Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарында семсерлесудің сапы сайысынан қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл — Қазақстанның аталған бағдарламадағы Азия ойындарындағы алғашқы жүлдесі.
Жартылай финалда қазақстандық семсерлесушілер Қытай құрамасымен кездесіп, 21:45 есебімен жеңілді. Осылайша ұлттық құрама жарысты қола медальмен аяқтады.
Қазақстан сапында Ирина Бакалдина, София Николайчук, Владислава Андреева және Дарья Самоделкина өнер көрсетті.
Айта кетейік, бұған дейін Артём Саркисян қылыш сайысынан қола, ал Кирилл Проходов сапы сайысынан күміс жүлде алған еді.
Біздің серіктес: Sport12kz