17 сағат бұрын
Спорттық гимнастика: Милад Карими Азиадада жүлдеге бір табан қалғанда сүрінді
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Аичи–Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында кермедегі жаттығудан төртінші орын иеленді.
Финалда отандасымыз 13.666 ұпай жинады. Бұл көрсеткіш қазақстандық спортшыға жүлдеге ілігуге мүмкіндік бермеді.
Алтын медальды Қытай өкілі Нао Тиан (14.700 ұпай) жеңіп алса, жапониялық Шинносуке Ока (14.033) күміс, Филиппин спортшысы Карлос Эдриэль Юло (13.666) қола жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, Милад Карими бұған дейін еркін жаттығудан Азиаданың күміс жүлдесін жеңіп алған еді.
Біздің серіктес: Sport12kz