16 сағат бұрын
Полина Иванова Азиадада сырықпен секіруден қола жүлде алды
Қазақстандық Полина Иванова Аичи–Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды.
23 жастағы спортшы 4,15 метр нәтижесімен үшінші орынға тұрақтады. Қазақстандық атлетпен Үндістан өкілі Бараника Елангован да дәл осындай нәтиже көрсетіп, жарыста екі қола медаль табысталды.
Алтын жүлдені Жапония спортшысы Мисаки Морота (4,55 м) жеңіп алса, Қытай өкілі Ню Чуньгэ (4,50 м) күміс медаль иеленді.
Қазақстанның тағы бір өкілі Анна Черкашина 4 метр нәтижесімен жетінші орын алды.
Бұл – Қазақстан құрамасының жеңіл атлетикадан Азиададағы үшінші жүлдесі. Бұған дейін Кристина Морозова спорттық жүрістен күміс, Алина Чистякова жетісайыстан қола медаль жеңіп алған еді.
Біздің серіктес: Sport12kz