15 сағат бұрын
Бадминтон: Қазақстандық жұп Азиадада 1/8 финалға шықты
Қазақстандық Наргиза Рахметуллаева мен Камила Смағұлова Аичи–Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында бадминтоннан жұптық сында 1/8 финалға жолдама алды.
Олар жарыстың кезекті ойынында Моңғолия елінің өкілдері Миагмартсерен Ганбаатар мен Сарангуя Херленбаатарды 2:0 есебімен жеңді.
Осылайша, қазақстандық бадминтоншылар жарысты жалғастырып, келесі кезеңге өтті.
Біздің серіктес: Sport12kz